Каптоприл в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению каптоприл в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток каптоприл, взаимодействие с другими лекарствами, применение каптоприл (таблетки) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Каптоприл
Международное название: Каптоприл
Лекарственная форма: Таблетки 25 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
C Средства, влияющие на сердечно-сосудистую систему
C09 Средства, действующие на ренин-ангиотензиновую систему
C09A Ингибиторы ангиотензинпревращающего фермента (апф)
C09A A Ингибиторы апф монокомпонентные
Фарм. группа:
Препараты, влияющие на системы ренин-ангиотензин. Ангиотензин конвертирующего фермента ингибиторы (АКФ). Каптоприл. Код АТХ С09АА01
Условия хранения:
В сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 25 °С. Беречь от детей!
Срок хранения:
4 года. Не использовать после истечения срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Таблетки плоскоцилиндрической формы, белого или почти белого цвета, с фаской, с характерным запахом.

Состав каптоприл в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество каптоприл

каптоприл 25 мг
25 мг каптоприл

Вспомогательные вещества в каптоприл

лактозы моногидрат, целлюлоза микрокристалли-ческая, крахмал кукурузный, кислота стеариновая
лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, стеарин қышқылы

Показания к применению таблеток каптоприл

  • артериальная гипертензия (в виде монотерапии и в комбинации с другими антигипертензивными лекарственными средствами, например, с тиазидными диуретиками)
  • хроническая сердечная недостаточность (в составе комбинированной терапии)
  • ишемическая болезнь сердца (нарушение функции левого желудочка после перенесенного инфаркта миокарда у пациентов в стабильном клиническом состоянии)
  • диабетическая нефропатия (микроальбуминурия более 30 мг/сут) при инсулинзависимом сахарном диабете
  • артериялық гипертензияда (монотерапия түрінде және басқа антигипертензиялық дәрілік заттармен, мысалы тиазидті диуретиктермен біріктірімде);
  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (біріктірілген ем құрамында);
  • жүректің ишемиялық ауруында (тұрақты клиникалық жағдаймен емделушілерде бастан өткерген миокард инфарктынан кейін сол жақ қарынша қызметінің бұзылуы);
  • инсулинге тәуелді қант диабеті кезіндегі диабеттік нефропатияда (тәулігіне 30 мг-нан астам микроальбуминурия)

Противопоказания каптоприл в таблетках

  • гиперчувствительность к каптоприлу, любому другому компоненту препарата или другому ингибитору АПФ
  • ангионевротический отек в анамнезе, ассоциированный с предшествующей терапией ингибитором АПФ
  • наследственный / идиопатический ангионевротический отек
  • выраженные нарушения функции почек, печени
  • гиперкалиемия
  • двусторонний стеноз почечных артерий или стеноз артерии единственной почки с прогрессирующей азотемией
  • первичный гиперальдостеронизм
  • лейкопения, тромбоцитопения
  • состояние после трансплантации почки
  • стеноз устья аорты и аналогичные обструктивные изменения, затрудняющие отток крови из левого желудочка
  • беременность
  • период лактации
  • детский и подростковый возраст до 18 лет
  • десенсибилизирующая терапия против ядов насекомых (могут развиться опасные для жизни анафилактоидные реакции - падение артериального давления, удушье, рвота, аллергические кожные реакции)
  • диализ с использованием полиакрилонитрил-металлил-сульфонатных мембран с высокой проницаемостью (например, «AN 69») из-за опасности развития анафилактоидных реакций (реакции гиперчувствительности), вплоть до шока
  • каптоприлге, препараттың кез келген басқа компонентіне немесе басқа АӨФ тежегішіне жоғары сезімталдық
  • сыртартқысында АӨФ тежегішімен бұрын өткерген еммен астасқан ангионевротикалық ісіну
  • туа біткен / идиопатиялық ангионевротикалық ісіну
  • бүйрек, бауыр функциясының айқын бұзылуы
  • гиперкалиемия
  • бүйрек артерияларының екі жақтық стенозы немесе өршудегі азотемиямен жалғыз бүйректің артериясының стенозы
  • алғашқы гиперальдостеронизм
  • лейкопения, тромбоцитопения
  • бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай
  • сол жақ қарыншадан қанның ағып шығуын қиындататын, аорта өзегінің стенозы және осындай обструкциялық өзгерістер
  • жүктілік
  • лактация кезеңі
  • 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балалар
  • жәндіктердің уына қарсы десенсибилизациялайтын ем (өмірге қауіпті анафилактоидты реакциялар дамуы мүмкін - артериялық қысымның түсіп кетуі, тұншығу, құсу, аллергиялық тері реакциялары)
  • шокқа дейінгі анафилактоидты реакциялардың (жоғары сезімталдық реакциялары) даму қаупіне байланысты жоғары өткізгіштікпен полиакрилонитрил-металлил-сульфонатты жарғақшаларды пайдаланумен диализ (мысалы, «AN 69»)

Побочные действия таблеток каптоприл

Часто
  • головокружение, нарушения сна
  • сухость во рту, нарушение вкусовых ощущений (металлический или соленый привкус, самостоятельно исчезающий через 2-3 месяца после начала лечения), тошнота, рвота, боли в животе, диарея, запор
  • гипонатриемия
  • сухой кашель
  • кожная сыпь, зуд
Нечасто
  • тахикардия, сердцебиение, боли в груди
  • артериальная гипотензия
  • чувство усталости, астения
Редко
  • анорексия
  • повышение содержания в сыворотке крови креатинина, остаточного азота мочевины
  • почечная недостаточность, полиурия, олигурия, протеинурия, учащенное мочеиспускание
  • головная боль, сонливость, парестезии
  • стоматит, афтозные язвы слизистой оболочки рта
Очень редко
  • нефротический синдром
  • нейтропения, агранулоцитоз, панцитопения, анемия, тромбоцитопения, эозинофилия, положительный титр антинуклеарных антител, повышение СОЭ
  • гиперкалиемия, гипогликемия
  • бронхоспазм, ринит, аллергический альвеолит/эозинофильная пневмония
  • глоссит, язва желудка, панкреатит
  • нарушение функции печени, холестаз, желтуха, гепатит, некроз печеночных клеток, увеличение уровня печеночных трансаминаз, билирубина
  • ангионевротический отек, синдром Стивенса-Джонсона, мультиформная эритема, фотосенсибилизация, эксфолиативный дерматит
  • миалгии, артралгии
  • импотенция, гинекомастия
Жиі
  • бас айналуы, ұйқының бұзылуы
  • ауыздың құрғауы, дәм сезудің бұзылуы (емді бастағаннан кейін 2-3 айдан соң өздігінен қайтатын металл немесе тұз дәмін сезіну), жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қату
  • гипонатриемия
  • құрғақ жөтел
  • тері бөртпесі, қышыну
Жиі емес
  • тахикардия, жүректің қағуы, кеуденің ауыруы
  • артериялық гипотензия
  • шаршау сезімі, астения
Сирек
  • анорексия
  • қансарысуында креатинин, қалдық азот, мочевина құрамының жоғарылауы
  • бүйрек жеткіліксіздігі, полиурия, олигурия, протеинурия, жиі несеп шығару
  • бас ауыруы, ұйқышылдық, парестезиялар
  • стоматит, ауыздың шырышты қабатының афтозды ойық жаралары
Өте сирек
  • нефротикалық синдром
  • нейтропения, агранулоцитоз, панцитопения, анемия, тромбоцитопения, эозинофилия, антинуклеарлы антиденелердің оң титрі, ЭШЖ жоғарылауы
  • гиперкалиемия, гипогликемия
  • бронхтүйілуі, ринит, аллергиялық альвеолит/эозинофильді пневмония
  • глоссит, асқазанның ойық жарасы, панкреатит
  • бауыр функциясының бұзылуы, холестаз, сарғаю, гепатит, бауыр жасушаларының некрозы, бауыр трансаминазалары, билирубин деңгейінің жоғарылауы,
  • ангионевротикалық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, фотосенсибилизация, эксфолиативті дерматит
  • миалгиялар, артралгиялар
  • импотенция, гинекомастия

Особые указания к применению

С осторожностью следует назначать каптоприл при коллагенозах ввиду увеличения риска возникновения нейтропении и агранулоцитоза, при одновременной системной терапии лекарственными средствами, подавляющими защитные реакции (например, кортикоиды, цитостатики, антиметаболиты), аллопуринолом, прокаинамидом или литием.

При назначении каптоприла с выраженными нарушениями водно-электролитного баланса следует провести коррекцию этого состояния. Во время лечения каптоприлом не рекомендуется принимать калийсберегающие диуретики или препараты калия, особенно пациентам с выраженными нарушениями функции почек.

Ангионевротический отек конечностей, лица, губ, слизистых оболочек, языка, глотки или гортани наблюдается у больных при применении ингибиторов ангиотензин-превращающего фермента, включая каптоприл. Если отечность ограничивается лицом и губами, такое состояние обычно проходит после прекращения применения лекарственного средства. Для облегчения клинических симптомов могут быть использованы антигистаминные препараты. Больные должны находиться под наблюдением врача до исчезновения симптомов. Если отек охватывает язык, глотку или гортань с угрозой развития обструкции дыхательных путей, следует ввести подкожно 0,5 мл 0,1 % раствора адреналина.

Во время лечения каптоприлом показано соблюдение диеты с низким содержанием натрия. Каптоприл может вызывать ложноположительную реакцию при анализе мочи на ацетон.

Использование в педиатрии
Безопасность и эффективность применения препарата у детей не изучены.

Период беременности и лактации
Каптоприл не рекомендуется применять во время беременности и в период лактации. При планировании или подтвержденной беременности необходимо перейти на альтернативное лечение. При применении ингибиторов АПФ во втором и третьем триместрах беременности установлено проявление фетотоксического действия (нарушение функции почек, олигогидрамниоз, задержка окостенения костей черепа) и неонатальной токсичности (почечная недостаточность, гипотензия, гиперкалиемия). Ограниченными фармакокинетическими данными было показано, что каптоприл создает низкие концентрации в грудном молоке. Хотя создаваемые концентрации можно рассматривать как клинически незначимые, использование данного лекарственного средства в период кормления грудью не рекомендуется в случае рождения недоношенных новорожденных, а также в первые несколько недель после рождения в связи с предполагаемым риском неблагоприятного воздействия на сердечно-сосудистую систему и почки, а также недостаточным клиническим опытом.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
В период лечения необходимо воздерживаться от вождения автотранспорта и занятий потенциально опасными видами деятельности, требующими повышенной концентрации внимания и быстроты психомоторных реакций, т.к. возможно головокружение, особенно после приема начальной дозы.
Нейтропенияның және агранулоцитоздың туындау қаупінің жоғарылауына байланысты коллагеноздарда, қорғаныс реакцияларын (мысалы, кортикоидтар, цитостатиктер, антиметаболиттер) басатын дәрілік заттар аллопуринолмен, прокаинамидпен немесе литиймен бір мезгілде жүйелі емдеуде каптоприлді сақтықпен тағайындау керек.

Су-электролиттік теңгерімнің айқын бұзылуында каптоприлді тағайындау кезінде бұл жағдайды түзету жүргізілуі керек. Каптоприлмен емдеу кезінде калийсақтағыш диуретиктерді немесе калий препараттарын, әсіресе бүйрек қызметінің айқын бұзылуымен емделушілерге қабылдау ұсынылмайды.

Қол-аяқтың, беттің, еріннің, шырышты қабаттардың, тілдің, жұтқыншақтың немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі науқастарда каптоприлді қоса, ангиотензин-өзгертетін фермент тежегіштерін қолдану кезінде байқалады. Егер ісіну бетпен және ерінмен шектелсе, бұл жағдай әдетте дәрілік затты қолдануды тоқтатқаннан кейін қайтады. Клиникалық симптомдарды жеңілдету үшін антигистаминді препараттар пайдаланылуы мүмкін. Науқастар симптомдар жойылғанға дейін дәрігердің бақылауында болуы керек. Егер тыныс алу жолдары тарылуының даму қаупімен ісіну тілді, жұтқыншақты немесе көмейді қамтыған болса, 0,5 мл 0,1 % адреналин ерітіндісін теріастына енгізу керек.

Каптоприлмен емдеу кезінде натрийдің төмен құрамымен емдәмді сақтау көрсетілген. Каптоприл ацетонға несепті талдау кезінде жалғаноң реакция туғыза алады.

Педиатрияда қолданылуы
Балаларға препаратты қолдану қауіпсіздігі және тиімділігі зерделенбеген.

Жүктілік және лактация кезеңі
Каптоприлді жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Жоспарланған немесе расталған жүктілікте баламалы емге көшу керек. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде АӨФ тежегіштерін қолдану кезінде фетоуытты (бүйрек функциясының бұзылуы, олигогидрамниоз, бас сүйегі сүйектенуінің кідіруі) және неонатальді уыттылық әсердің білінуі (бүйрек жеткіліксіздігі, гипотензия, гиперкалиемия) анықталған. Шектелген фармакокинетикалық деректермен каптоприлдің емшек сүтінде өте төмен концентрациялары түзілетіні көрсетілген болатын. Түзілетін концентрациялардың клиникалық маңызы жоқ ретінде қарастыруға болса да, балаларды мерзімінен бұрын туған жағдайда, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесіне және бүйрекке жағымсыз әсердің болжанған қаупіне, сондай-ақ жеткіліксіз клиникалық тәжірибеге байланысты туғаннан кейінгі алғашқы бірнеше апталарда емшек емізу кезеңінде аталған дәрілік затты пайдалану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезінде зейінді жоғары жұмылдыру мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасаудан бас тартқан дұрыс, өйткені әсіресе бастапқы дозаны қабылдағаннан кейін бас айналуы мүмкін.

Дозировка и способ применения

При легкой и умеренной артериальной гипертензии начальная доза составляет по 12,5 мг 2 раза/сут. При необходимости дозу увеличивают каждые 2 - 4 недели. Средняя терапевтическая доза составляет по 50 мг 2 раза/сут. Поддерживающая доза составляет по 25 мг 2 раза/сут.

При тяжелой артериальной гипертензии начальная доза составляет по 12,5 мг 2 раза/сут. Дозу постепенно увеличивают до максимальной суточной дозы 150 мг (по 50 мг 3 раза/сут). При применении каптоприла в составе комбинированной антигипертензивной терапии дозу его следует подбирать индивидуально.

При сердечной недостаточности начальная доза составляет по 6,25 мг 3 раза/сут. При необходимости дозу увеличивают каждые 2 недели. Поддер-живающая доза - по 25 мг 2 - 3 раза/сут. Максимальная суточная доза – 150 мг.

При ишемической болезни сердца лечение можно начинать уже через 3 дня после перенесенного инфаркта миокарда. Начальная доза составляет по 6,25 мг 3 раза/сут с постепенным увеличением (в течение нескольких недель) до 75 мг/сут (по 25 мг 3 раза/сут). При необходимости дозу постепенно увеличивают до максимальной суточной – 150 мг (по 50 мг 3 раза/сут). Каптоприл можно применять в составе комбинированной терапии инфаркта миокарда (вместе с тромболитиками, ацетилсалициловой кислотой и бета-адреноблокаторами).

При диабетической нефропатии суточная доза составляет от 75 мг до 100 мг, разделенных на 2 - 3 приема.

Пациентам с нарушением функции почек легкой или умеренной степени (клиренс креатинина не менее 30 мл/мин/1,73 м2) каптоприл назначают в суточной дозе 75 - 100 мг, разделенной на 2 - 3 приема. При тяжелых нарушениях функции почек (клиренс креатинина менее 30 мл/мин / 1,73 м2) начальная доза составляет не более 12,5 мг 2 раза/сут. При недостаточной эффективности дозу постепенно увеличивают каждые 1 - 2 недели до наступления терапевтического эффекта, но максимальная суточная доза препарата должна быть снижена или увеличен интервал между приемами препарата.

При необходимости назначения сопутствующей терапии диуретиками пациентам с тяжелой почечной недостаточностью, предпочтение отдается петлевым диуретикам (фуросемид).

Пациентам пожилого возраста доза подбирается индивидуально. Лечение рекомендуется начинать с наименьшей терапевтической дозы и поддерживать на уровне наименьшей эффективной дозы.
Жеңіл және орташа артериялық гипертензия кезінде бастапқы доза 12,5 мг-нан тәулігіне 2 ретті құрайды. Қажет болған кезде дозаны әрбір 2-4 апта сайын ұлғайтады. Орташа терапиялық доза 50 мг-нан тәулігіне 2 ретті құрайды. Демеуші доза 25 мг-нан тәулігіне 2 ретті құрайды.

Ауыр артериялық гипертензия кезінде бастапқы доза 12,5 мг-нан тәулігіне 2 ретті құрайды. Дозаны 150 мг ең жоғары тәуліктік дозаға дейін біртіндеп ұлғайтады (тәулігіне 3 рет 50 мг-нан). Біріктірілген антигипертензиялық ем құрамында каптоприлді қолданған кезде оның дозасын жекелей таңдау керек.

Жүрек жеткіліксіздігі кезінде бастапқы доза 6,25 мг-нан тәулігіне 3 ретті құрайды. Қажет болған кезде дозаны әрбір 2 апта сайын ұлғайтады.

Демеуші доза - 25 мг-нан тәулігіне 2-3 рет. Ең жоғары тәуліктік доза – 150 мг.

Жүректің ишемиялық ауыруы кезінде бастан өткерген миокард инфарктынан кейін 3 күннен соң емді бастауға болады. Бастапқы доза тәулігіне 75 мг-ға дейін (25 мг-нан тәулігіне 3 рет) біртіндеп ұлғайтумен (бірнеше апта бойы) 6,25 мг-нан тәулігіне 3 ретті құрайды. Қажет болған кезде дозаны 150 мг ең жоғары тәуліктік дозаға дейін біртіндеп ұлғайтады (50 мг-нан тәулігіне 3 рет). Каптоприлді миокард инфарктының біріктірілген емі құрамында (тромболитиктермен, ацетилсалицил қышқылымен және бета-адреноблокаторлармен бірге) қолдануға болады.

Диабеттік нефропатия кезінде тәуліктік доза 2-3 қабылдауға бөлінген, 75 мг-нан 100 мг-ға дейінді құрайды.

Жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілерге (креатинин клиренсі кемінде 30 мл/мин/1,73 м2) каптоприлді 2-3 қабылдауға бөлінген, 75-100 мг тәуліктік дозада тағайындайды. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы кезінде (креатинин клиренсі 30 мл/мин/1,73 м2 төмен) бастапқы доза тәулігіне 2 рет 12,5 мг-ға дейінді құрайды. Тиімділігі жеткіліксіз болғанда дозаны әрбір 1-2 апта сайын терапиялық әсер басталғанға дейін біртіндеп ұлғайтады, бірақ препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы төмендетілуі немесе препаратты қабылдау аралығы ұлғайтылуы керек.

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерге диуретиктермен қосымша ем тағайындау қажет болғанда ілмектік диуретиктерді (фуросемид) таңдау керек.

Егде жастағы емделушілерге дозаны жекелей таңдайды. Ең төмен терапиялық дозамен емді бастау және ең төмен тиімді доза деңгейінде демеп тұру ұсынылады.

Взаимодействие с лекарствами

Диуретики, вазодилататоры, ганглиоблокаторы, адреноблокаторы при одновременном применении усиливают антигипертензивное действие каптоприла. Индометацин и другие нестероидные противовоспалительные средства, а также клонидин могут снижать антигипертензивное действие каптоприла.

На фоне одновременного применения каптоприла с аллопуринолом и прокаинамидом может наблюдаться нейтропения и/или синдром Стивенса-Джонсона, однако причинно-следственная связь этих явлений не ясна. При одновременном применении с каптоприлом иммунодепрессантов (например, азатиоприна и циклофосфамида) повышается риск развития гематологических нарушений.

Одновременное применение некоторых анестетиков, трициклических антидепрессантов и антипсихотических препаратов с ингибиторами АПФ усиливает гипотензивный эффект. Следовательно, следует избегать применения такой комбинации. На фоне каптоприла повышается концентрация дигоксина в плазме. Нитроглицерин взаимно усиливает гипотензивный и антиангинальный эффекты.

Орлистат способствует уменьшению эффективности каптоприла, что может привести к повышению АД, гипертоническому кризу, описан случай кровоизлияния в мозг. Совместное применение с интерлейкином-3, миноксидилом, нитропруссидом натрия, перголидом способствует усилению антигипертензивного эффекта. При применении с интерфероном альфа-2а, интерфероном бета возможно развитие тяжелой гранулоцитопении. На фоне одновременного применения пробенецида снижается выведение каптоприла с мочой.

Одновременное применение солей лития и каптоприла может привести к увеличению концентрации лития в сыворотке крови. При этом повышается риск возникновения побочных и токсических эффектов препаратов лития. При применении петлевых или тиазидных диуретиков с Каптоприлом повышается риск развития выраженной гипотензии, особенно после первой дозы диуретика, гипокалиемии, нарушений функции почек.

Предшествующее лечение тиазидными или петлевыми диуретиками в высоких дозах перед началом терапии Каптоприлом вызывает снижение объема циркулирующей крови и повышает риск развития гипотензии. Совместное применение с антацидами (гидроксид алюминия, гидроксид магния, симетикон) снижает абсорбцию каптоприла, вследствие этого их необходимо принимать отдельно с временным промежутком не менее 2 часов. Этанол усиливает гипотензию, поэтому на время лечения необходимо отказаться от употребления алкогольных напитков.
Диуретиктер, вазодилататорлар, ганглиоблокаторлар, адреноблокаторлар бір мезгілде қолдану кезінде каптоприлдің антигипертензиялық әсерін күшейтеді. Индометацин және басқа стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, сондай-ақ клонидин каптоприлдің антигипертензиялық әсерін төмендетуі мүмкін. Аллопуринолмен және прокаинамидпен катоприлді бір мезгілде қолдану аясында нейтропения және/немесе Стивенс-Джонсон синдромы байқалуы мүмкін, дегенмен бұл құбылыстардың себеп-салдарлы байланысы анық емес.

Иммунодепрессанттарды (мысалы, азатиопринді және циклофосфамидті) катоприлмен бір мезгілде қолдану кезінде гематологиялық бұзылулардың даму қаупі жоғарылайды. Кейбір анестетиктер, трициклдік антидепрессанттар мен антипсихотикалық препараттарды АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану гипотензиялық әсерді күшейтеді. Сондықтан осындай комбинацияны қолданудан аулақ болу керек. Каптоприл аясында плазмадағы дигоксиннің концентрациясы жоғарылайды.

Нитроглицерин өзара гипотензиялық және антиангинальді әсерді күшейтеді. Орлистат каптоприлдің тиімділігінің азаюына ықпал етеді, ол АҚ жоғарылауына, гипертониялық кризге әкелуі мүмкін, миға қан құйылу жағдайлары сипатталған. Интерлейкин-3, миноксидилмен, натрий нитропруссидімен, перголидпен бірге қолдану антигипертензиялық әсерінің күшеюіне ықпал етеді. Интерферон альфа-2а-мен, интерферон бетамен қолданғанда ауыр гранулоцитопения дамуы мүмкін. Пробенецидті бір мезгілде қолдану аясында несеппен каптоприлдің шығарылуы төмендейді.

Литий тұздарын және каптоприлді бірмезгілде қолдану қан сарысуында литийдің концентрациясының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Сонымен бірге литий препараттарының жағымсыз және уытты әсерлерінің туындау қаупі жоғарылайды. Ілмектік немесе тиазидтік диуретиктерді Каптоприлмен қолданғанда, әсіресе диуретиктің алғашқы дозасынан, гипокалиемиядан, бүйрек функциясының бұзылуынан кейін айқын гипотензия даму қаупі жоғарылайды.

Каптоприлмен емді бастамас бұрын, жоғары дозадағы тиазидті немесе ілмектік диуретиктермен бұрын емдеу айналымдағы қан көлемінің азаюын және гипотензия даму қаупінің жоғарылауын туындатады. Антацидтермен бірге қолдану (алюминий гидроксиді, магний гидроксиді, симетикон) каптоприлдің сіңуін төмендетеді, осының нәтижесінде оларды жекелей 2 сағаттан кем емес уақыт аралығымен қабылдау керек. Этанол гипотензияны күшейтеді, сондықтан емдеу кезінде алкогольдік сусындарды қабылдаудан бас тарту керек.

Передозировка каптоприл в таблетках

Симптомы: проявляется выраженной гипотензией, с возможным развитием инфаркта миокарда, острого нарушения мозгового кровообращения и тромбоэмболических осложнений на фоне резкого снижения артериального давления.

Лечение: пациенту следует принять горизонтальное положение (ноги должны быть приподняты) и ввести ему внутривенно изотонический раствор натрия хлорида или другие плазмозамещающие жидкости для коррекции объема циркулирующей крови (ОЦК), симптоматическое лечение. Специфического антидота не существует. Каптоприл выводится при гемодиализе.
Симптомдары: артериялық қысымның күрт төмендеуі аясында, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы және тромбоэмболиялық асқынудың даму мүмкіндігімен айқын гипотензиямен білінеді.

Емі: емделуші шалқасынан жатуы керек (аяқтары жоғары көтеріңкі күйде) және оған натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін немесе айналымдағы қан көлемін (АҚК) түзету үшін басқа плазма алмастырғыш сұйықтықтарды көктамыр ішіне енгізу керек, симптоматикалық ем. Спецификалық у қайтарғысы жоқ. Каптоприл гемодиализде шығарылады.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Всасывание
После приема внутрь не менее 75 % принятой дозы быстро всасывается из желудочно-кишечного тракта. Cmax в плазме крови достигается через 1 ч. Одновременный прием пищи замедляет всасывание препарата на 30 – 40 %. Проходит через гистогематические барьеры, исключая гематоэнцефалический барьер, через плаценту и проникает в грудное молоко. Метаболизируется в печени, приблизительно на 50% в инактивные дисульфиды (каптоприл-дисульфид и каптоприл-цистеин-дисульфид).

Распределение
Связывание с белками крови составляет 25 – 30 %.

Выведение
T1/2 составляет менее 3 ч. Более 95 % препарата выводится с мочой, 40 - 50 % в неизмененном виде, остальная часть - в виде метаболитов.

Фармакокинетика в особых клинических случаях
T1/2 увеличивается при почечной недостаточности.
Сіңуі
Ішке қабылдағаннан кейін қабылданған дозаның кемінде 75 %-ы асқазан-ішек жолдарынан тез сіңеді. Қан плазмасындағы Cmax 1 сағаттан соң жетеді. Аспен бір мезгілде қабылдау препараттың сіңуін 30-40 %-ға баяулатады. Гематоэнцефалдық бөгетті қоспағанда, плацента арқылы гистогематикалық бөгеттен өтеді және емшек сүтіне енеді. Бауырда шамамен 50% - ға белсенді емес дисульфидтерге (каптоприл-дисульфид және каптоприл-цистеин-дисульфидке) метаболизденеді.

Таралуы
Қан ақуыздарымен байланысуы 25-30 %-ды құрайды.

Шығарылуы
T1/2 3 сағаттан кемді құрайды. Препараттың 95 %-дан астамы несеппен шығарылады, 40-50 %-ы өзгермеген күйде, қалған бөлігі - метаболиттер түрінде.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы
T1/2 бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ұлғаяды.

Фармакодинамика

Конкурентный ингибитор ангиотензин-превращающего фермента – фермента, способствующего превращению ангиотензина I в ангиотензин II. Лекарственное средство оказывает антигипертензивное действие, уменьшает общее периферическое сосудистое сопротивление (постнагрузку), преднагрузку и сопротивление в легочных сосудах; повышает минутный объем сердца и толерантность к физической нагрузке. При длительном применении уменьшает выраженность гипертрофии миокарда левого желудочка, предотвращает прогрессирование сердечной недостаточности и замедляет развитие дилатации левого желудочка.
Ангиотензин-өзгертетін ферменттің бәсекелес тежегіші – ангиотензин I-дің ангиотензин II-ге өзгеруіне ықпал ететін фермент. Дәрілік зат антигипертензиялық әсер етеді, жалпы шеткергі қантамырлық кедергіні (кейінгі жүктемені), алдыңғы жүктемені және өкпе қантамырларындағы қарсыласуды төмендетеді; жүректің минуттық көлемін және дене жүктемесіне төзімділікті ұлғайтады. Ұзақ қолданған кезде сол жақ қарынша миокарды гипертрофиясының айқындылығын төмендетеді, жүрек жеткіліксіздігі өршуінің алдын алады және сол жақ қарынша дилатациясының дамуын баяулатады.

Упаковка и форма выпуска

По 10 таблеток в контурной ячейковой упаковке из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой. По 4 контурные ячейковые упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках в пачке из картона.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.